6.04.2023, 11:15
Оқылды: 115

«Бекіре – 2023» басталды

Сәуірдің 1-інде облыс аумағында «Бекіре – 2023» балық қорғау акциясы басталды.  Уылдырық шашатын  уақытында балықтарды аулауға тыйым салынады.   

jaiyq-10

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

Акция құқық және табиғатты қорғау, құрылымдары, сондай-ақ ҚР ҰҚК шекара қызметтерінің бірлескен шаралар жоспары бойынша өтуде.

БҚО ПД табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп, мобильді топтар құрылды. Олар балық және балық өнімдерін тасымалдауға ықтимал арналарда рейдтер жүргізуде. Тұрғындардың балық аулауға тыйым салынған кезеңдерді білгендері жөн. «Бекіре –  2023» акциясына екі КС-110 өзен катері, алты аутокөлік және басқа да техникалар тартылды. Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауылында балық қорғау жұмысын үйлестіретін тұрақты штаб құрылды. Сондай-ақ Ақбұлақ ауылынан Тайпақ ауылына және Тайпақтан Атырау облысының шекарасына дейінгі аумақты бақылайтын екі мобильді жылжымалы бекет ұйымдастырылды.

Жайық өзенінің  барлық саласы  мен  жайылма  суларда 15 мамыр – 15 маусымға  дейін,  қалған су айдындарында 1 мамыр – 31 мамыр аралығында балық аулауға рұқсат  етілмейді. Сонымен  қатар 1 сәуірден 15 маусымға дейін шаян аулауға  болмайды.

 

Гүлнар Нұржанова,

БҚО-дағы балық инспекциясы

басқармасының бас маманы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале