6.12.2023, 18:00
Оқылды: 37

Белсенді еріктілер марапатталды

Халықаралық волонтерлер күніне орай БҚО Полиция департаменті басшылығы тарапынан еңбегі еленген еріктілер қатары марапатталды.

IMG_20231206_153930

Баспасөз қызметінің хабарлауынша полиция департаментіне қол ұшын созып, әрдайым жәрдемдесуге дайын тұратын бірқатар волонтер ұйымы бар.

IMG_20231206_153911

Олар: «Орал студенттер Альянсы», республикалық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы», «Ақжайық жастары», «Орал жастары», «Батыс Қамқор» волонтерлік ұйымы, «Орал қаласының студенттер альянсы» корпоративтік қоры, «Qadam» эко жобасы.
Аталған қоғамдық көмекшілер мен волонтерлар ұйымының көмегімен көптеген жұмыс атқарылып жатыр.

IMG_20231206_153859

Мысалы, «Жастар арасындағы есірткінің алдын алу, соның ішінде есірткі бойынша қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру», «Түнгі қаладағы балалар», «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты анықтау барысында «Орал жастары», «Орал қаласының студенттер альянсы» корпоративтік қорымен, «Ақжайық волонтерлары» еріктілерімен бірге рейд жүргізілді.

Департаменттің жергілікті полиция қызметі БҚО жастар саясаты бойынша басқармасымен, «Жайық таңы» үкіметтік емес ұйымы және волонтерлармен бірге қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетіп, қайырымдылық шаралар да өткізіліп тұрады.

Халықаралық волонтерлер күніне орай өткізілген кездесуге ең белсенді топтардың жетекшілері мен белсенді еріктілер шақырылған.

Кездесу барысында БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Жанболат Жаншин еріктілерді мерекемен құттықтап, алғысхаттар табыстады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале