1.04.2021, 18:46
Оқылды: 180

Белсенді жастар жұмысы кітапқа енбек

Халықаралық студенттер ассоциясының «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын, еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық «Үздік студент» жобасы аясында «ТМД Үздік студенті» атты талантты жастар кітап жинағының үшінші шығарылымына құжаттар қабылдау басталды.

тссс111

Құжаттар ғылым, өнер, спорт салаларын қамтиды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен жастар жұмысы қабылданады.

- Кітап жинаққа халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізілмек, - дейді «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» ЗТБ ресми өкілі Тасболат Серікқалиұлы.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале