25.03.2022, 13:00
Оқылды: 52

Белсендірілген көмір, сарымсақ және куркума вакцинаны ағзадан шығарады - фейк

Әлеуметтік желілерде вакцинацияға қарсы адамдар «СOVID-19-ға қарсы екпе салдыруға мәжбүр болғандарға» ағзаны детоксикациялауға кеңес береді. Авторлардың пікірінше, препарат компоненттерін белсендірілген көмір, сарымсақ, пробиотиктер, ирландиялық теңіз мүкі және инфрақызыл саунаның көмегімен шығаруға болады. Бұл ақпаратта ғылымға қарсы тұжырымдар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

220325102946352e

«Вакцинаны детоксикациялауға» арналған өнімдер тізіміне бал, даршын, күнзе, зімбір және кейбір биологиялық белсенді қоспалар да кірген. Бұл коктейльді қандай комбинацияда және дозада қабылдау керегі туралы хабарламада айтылмаған.

Бірақ вакцинаны белгілі бір жолмен «шығаруға» болады дегеннің өзі ғылымға қарсы және манипулятивті болып табылады. Детоксикациялау – бұл ағзадан улы заттарды шығару.
COVID-19 қарсы вакциналарда ағзаны улайтын заттар жоқ және олардың өндірілуіне ықпал етпейді. Вакциналардың әсері ағзаны инфекциядан қорғауға, ауру қоздырғыштарына қарсы антиденелер қалыптастыруға үйретуге бағытталған.
– Вакцина алғаннан кейін детоксикация жасау мағынасыз. Ештеңеден құтылудың қажеті жоқ, ағзада бөгде заттар болмайды. Адам өмір сүріп, белгілі бір дәрежеде оның ақыл-ойы жұмыс істеген кезде, тікенек тәрізді ақуыздармен немесе мРНҚ-мен интоксикацияның болуы мүмкін емес», – деп түсіндірді медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев StopFake.kz-ке.
Сондай-ақ, ол мұндай «детокс» бағдарламалардың кейбір компоненттерін пайдалану улануға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
— Қазіргі фармакология осы «бағдарламаның» компоненттері арасындағы өзара әрекеттесуді талдай алмайды. Бұл заттарды араластырғаннан кейін адамның улануы әбден мүмкін. Бұлардың арасында улы өсімдіктер де бар. Ағзадан вакцинаны шығаруға арналған рецептілерге бақсылық би неге кірмейтіні түсініксіз? Сондықтан оқырмандардың кең аудиториясын «вакцинацяға қарсы адамдардың» жарияланымдарына назар аудармаңыздар, өйткені олар мұны өз мақсаттарында пайдаланады, өзіңізді алдауға жол бермеңіздер деп ескерткім келеді, – деп қорытындылады профессор Александр Гуляев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале