Бүгін БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сағат 11:00-де белгісіз химиялық заттармен улану туралы шұғыл хабарлама түсті.
Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, 19 қаңтарда сағат 22:00-де бір уақытта бес адам "химиялық заттармен ингаляциялық улану" диагнозымен медициналық көмекке жүгінген.
Оралдағы Завокзальный тупик, 61 мекенжайы бойынша меншік иесінің пәтердегі жәндіктерді улау үшін бойынша өз бетінше өңдеуі себеп болған.
Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ауаға зертханалық зерттеу жүргізген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Амбулаториялық бақылау жүргізіліп отыр.
Айта кетейік, топтық химиялық заттармен (газдармен) улану биыл алғаш рет тіркеліп отыр.
Аталмыш департамент мұндай жағдайлар қайталанбас үшін, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пәтерлерде дезинсекция, дератизация және дезинфекция шараларын өздігінше жүргізбеуді сұрайды.
Арнайы жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдары бар мамандандырылған ұйымдарға жүгінуге кеңес береді.
Пәтерді өңдеуден бұрын көршілес пәтерлердің тұрғындарына уақыты, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы хабарлау қажет.
zhaikpress.kz