2.02.2022, 16:40
Оқылды: 39

Бес қалада 311 млн теңгені декларацияламай шетелге әкетіп бара жатқан адамдар ұсталды

Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

220128164845673e

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды.

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

Материалдар құзыреті бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР-дан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығу кезінде заң талаптарын сақтау және декларациялау қажеттігін еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале