Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Жалпақ жұртыңды, игі Алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген болатын. Музей арқылы ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жасап кеткен мәдени қазына байлықтары мен бүкіл қоғамның рухани жетілуін танимыз. Өйткені музей – адамзат еңбегімен жер бетінде жасалған материалдық, рухани игіліктердің, үлгі нұсқалардың әр алуан саласын зерттеп, жинақтаушы, сақтаушы және сол тарихи мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, насихаттап отыратын мәдени мекеме. Жәдігерлердің сан ғасырлық тарихы шоғырланған мәдениетті тану мен танытудың үлгісі, мәдениет ошағы, тарихтың асыл мекені музей екендігі айна-қатесіз ақиқат болып саналады.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің №103 санынан журналист Нұрымбек Жапақовтың «Бес мыңдай жәдігер жинақталған» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz