29.12.2020, 11:14
Оқылды: 205

Бес мыңдай жәдігер жинақталған

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Жалпақ жұртыңды, игі Алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан  басталады» деген болатын. Музей арқылы ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жасап кеткен мәдени қазына байлықтары мен бүкіл қоғамның рухани жетілуін танимыз. Өйткені музей – адамзат еңбегімен жер бетінде жасалған материалдық, рухани игіліктердің, үлгі нұсқалардың әр алуан саласын зерттеп, жинақтаушы, сақтаушы және сол тарихи мұраларды  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, насихаттап отыратын мәдени мекеме. Жәдігерлердің сан ғасырлық тарихы шоғырланған мәдениетті тану  мен танытудың  үлгісі, мәдениет ошағы, тарихтың асыл мекені музей екендігі айна-қатесіз ақиқат болып саналады.

ced79d2f-ea9b-4345-b1fe-2a81d5fc850d

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің №103 санынан журналист Нұрымбек Жапақовтың «Бес мыңдай жәдігер жинақталған» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале