27.04.2023, 13:00
Оқылды: 39

Білім бөлімінде ұрланған миллиардтар: ведомство басшысы да ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  Жетісу облысының білім беру жүйесіндегі ірі жымқыру ісіне қатысты жаңа мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

акша1

Ведомство мәліметінше, Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

“Ол Білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Антикор пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар екенін атап өтіп, олардың сот санкциясымен қамауда отырғанын мәлім етті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығарылады.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Талдықорған қалалық білім бөлімі бас есепшісінің үйінен 1 миллиард теңге, сондай-ақ қымбат мүліктің құжаттары табылған еді.

48 жастағы әйел шетелге қашып кетпекші болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап үлгерді. Үйін тінту кезінде 942 млн 902 мың теңгеден астам қаражат тәркіленді. Бас есепші ұрлаған ақшаның басым бөлігін шетелдік валютаға айырбастап қойған. Бұдан бөлек, 14 пәтер, 7 коммерциялық нысан мен Лэнд Крузер 200 маркалы көліктің құжаттары табылды. Зергерлік бұйымдар да шықты. Қазіргі кезде 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке уақытша шектеу қойылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале