28.04.2025, 17:45
Оқылды: 205

Білім мен өндірістің тиімді әріптестігі

Жұмысшы мамандықтар жылының аясында Батыс Қазақстан облысында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен "Батыс Қазақстан аймақтық желілік компаниясы" ЖШС арасында маңызды келісім жасалды. Бұл ынтымақтастық — энергетика саласына қажетті кәсіби мамандарды бірлесе даярлау, студенттердің тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына жол ашу мақсатында қолға алынды.

WhatsApp Image 2025-04-28 at 18.18.34

Колледж — халықаралық талаптарға сай білім беріп келе жатқан алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Оның дәлелі – WorldSkills чемпионаттарында көрсеткен жоғары нәтиже мен 2024 жылғы түлектердің 91% жұмыспен қамтылу көрсеткіші.

Бүгінгі таңда білім мен өндірістің тығыз байланысы — бәсекеге қабілетті, тәжірибесі мол маман қалыптастырудың басты жолы. Ал мұндай серіктестік жастарға нақты мүмкіндік береді.

 

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің оқу-өндірістік жұмыс бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале