17.03.2020, 12:13
Оқылды: 86

Білім министрлігі жұртты дүрліктірген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізіледі деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

zhalgan

«Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылғандығын хабарлаймыз. Қосымша сұрақтар бойынша министрліктің Сall-орталығына +7(7172)74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе өңірлік білім басқармаларына хабарласуға болады», – делінген министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

ҚазАқпарат

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале