12.10.2019, 15:48
Оқылды: 687

Білім және ғылым вице-министрі Махамбет университетінде болды

Бүгін БҚО-ға келген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болды. Университеттің ғылыми кеңес мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер қатысқан кеңейтілген мәжіліске қатысты. Сондай-ақ «Ғылым және өнер» көрмесін тамашалап, университеттің жастар ісі жөніндегі комитетіне қарасты студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен кездесті.

bkmu (6)

Шолпан Таңатқызы алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған білім беру мен ғылым саласына қатысты тапсырмаларға тоқталып, жоғары оқу орындарын акдемиялық басқару, заманауи білім беру және ғылымды дамыту  бойынша сөз қоғады.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын да тыңдады. Университет ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеуде қойылатын талаптарда жоғары оқу орнын бітірген ел мақтанышына айналған тұлғалар, қоғам қайраткерлеріне айналған университет түлектерінің қызметін де ескеру қажеттігі туралы ұсынысын жеткізді.

bkmu (3)

Жас ғалымдар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар қатарында ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялайтын ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру талаптарына  өзгеріс енгізілсе деген ұсыныс-тілектерін жеткізді. Жас ғалымдар үшін жарияланған конкурс талаптары жеңілдетілсе, конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздар саны артар еді деген ұсыныс айтылды. Екіншіден жас ғалымдар үшін шағын гранттар бөлу  қарастырлса, шағын гранттар арқылы жас зерттеуші ғалымдар өздерінің магистрлік, докторлық зеттеу жұмыстарын жүргізуге қаражат алып, жетістікке жетсе, екінші жағынан үлкен ғылыми жобалар дайындауға мүмкіндік болар еді деген жас ғалымдар тарапынан ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар педагог маман дайындайтын оқу орны болғандықтан, білім беру бағдарламаларына да қатысты сұрақтар мен ұсыныстар да болды. Олардың ішінде жалпы білім беретін орта мектептерде салауатты өмір салтын сақтауда жүргізілетін курстар бағдарламасын қайта қарау жөнінде ұсыныстар айтылып, осы орайда педагог мамандар мен ғалымдардың бірлесе жасаған дайын бағдарламаны ұсыну мүмкіндігі бар екендігіне тоқталды.

bkmu (4)

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар қатарында жоғары оқу орнына тапсырушы түлектер үшін электронды түрде ҰБТ қорытындысы бойынша жинаған балы мен талапкердің мәліметі енгізіліп, сол балл көрсеткіші бойынша қай жоғары оқу орнының білім беру грантына ие болатындай мүмкіндігі бар екендігін көрсететін жоба дайындап ұсынған жағдайда, қолдауға ие болу мүмкіндігін сұрады. Вице-министр жастар тарапынан жолданған бұл жобаны нәтижелі аяқталған жағдайда қолдайтынын жеткізді.

Шолпан Таңатқызы кездесу барысында аталған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстардың әркез ескерілетінін айтып, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру мен ғылым саласына қатысты барлық мәселелерді ашық түрде айтуға, жеткізуге, қоғаммен ашық байланыс орнатуға қашан да дайын екендігін жеткізді.

bkmu (1) bkmu (2) bkmu (5) bkmu (7) bkmu (9) bkmu (10)

Рита Сұлтанғалиева,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале