Бүгін Жәңгір хан университетінде Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Ғасыр" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 25 қазан "Республика күні" мерекесіне орай "Білімділер додасы – 2023" зияткерлік сайысының жастар арасындағы ашық лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Ғасыр" жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жоба бірнеше кезең бойынша жалғасқаны белгілі.
Зияткерлік ойынға қатысқан 10 команданың 3-еуі бүгінгі финалдық кезеңде өнер көрсетіп, олардың арасынан жеңімпаздар мен үздік ойыншы анықталды.
Нәтижесінде "Үздік ойыншы" аталымы бойынша Ұйғыр мәдени орталығының төраға орынбасары 9-топ ойыншысы Муталипов Илияр Мусажанұлы көзге түсті.Командалық есепке келетін болсақ 1-орынға 9-топ (команда капитаны Тілек Бақтыгереев), 2-орынды 4-топ(команда капитаны Ерген Ақмырза) иеленсе, 3-орынға 10-топ(команда капитаны Дюсенова Айзада) қол жеткізді. Жеңімпаздармен жүлдегерлер жеңімпаз статуэткасымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Аталған "Білімділер додасы" зияткерлер ойыны Жайық өңірінің озық жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға өз септігін тигізді деп сеніммен айтуға болады.
Жоба мақсаты – жастар арасында ғылым мен білімді, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, қатысушылардың бойындағы зияткерлік дағдыларын, парасаттылығын осы байқау арқылы көрсету болып табылады.
БҚАТУ медиа орталығы