1.02.2021, 17:44
Оқылды: 42

Бір тәулікте 104 жағдай тіркелген

Қаңтардың  28-іне дейін облыста  коронавирус індетін жұқтырған 1561 жағдай тіркелген. Оның 992  жағдайында ауру белгілері бар  болса, 569 жағдайы симптомсыз екендігі анықталған.

5EF1A2BD-7C10-4A13-BF1A-ED9B071B7A25

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, індет жұқтырғандардың 45,5%-ы, ЖРВИ белгілері бар науқастардың  32%-ы инфекция ошақтарында байланыста болған адамдар екен.

Ал 17,3%-ы немесе 270 жағдай кәсіби мақсатта тексеру кезінде,  5%-ы стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидқадағалау бойынша анықталған. Сонымен қатар тек 28 қаңтар күні 104 жағдай  тіркелген.

Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші Орал қаласында. Облыс орталығында аталған мерзім ішінде 717 адамнан коронавирус індеті анықталған. Сонымен қатар Бәйтерек ауданында 324, Бөрлі ауданында 209 жағдай тіркеліп, ауру жұқтыру дерегі бо-йынша аудандар арасынан көш бастап тұр.

Қаңтар айы басталғалы бері 20 718 адам мемлекеттік шекарадан өткен болса, оның 4819-ы – жолаушылар. Сонымен қатар COVID-19 тексерісі туралы анықтамасы жоқ 597 жолаушының соның үшеуінен оң нәтиже анықталған. Осы кезеңде шекарадан екі жақты қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын 10 474 жүргізушінің жартысына жуығында тиісті анықтама болмай шыққан. Олардың тексерістен өткенде  бесеуінен індет белгілері табылған.

Жыл басынан бері облыстағы мониторинг топтарымен 457 рейд жүргізілген. Олар 4166 нысанға тексеріс жүргізіп, бұзушылықтары бар 13 нысан анықталып, 37 хаттама толтырған.

– Облыстың жекелеген аудандарында және Орал қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Соны ескере отырып, Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Бәйтерек аудандарының және Орал қаласының аумақтық  бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері шектеу шараларын күшейту туралы қаулы қабылдады.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале