28 наурыздағы бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирус инфкциясының белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ аталған кезеңде коронавирус пневмониясынан 16 адам емделіп шықты.
Жалпы 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 28 наурызға дейін пневмония 88 628 адамнан анықталды, жазылып шықты – 82 270 науқас, қайтыс болды – 5353 адам.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен тәулікте коронавирус індетінің жаңадан 32 жағдайы тіркелді.