7.06.2023, 10:15
Оқылды: 281

Бір үйдің үш баласына азғындық жасаған: Түркістан облысында педофил сотталды

Түркістанда зейнеткер көршісінің кәмелет жасына толмаған қыздарына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Оқиға өткен жылдың 22 қазанында болған. 66 жастағы қария сот үкімімен кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.

d8bda14e-74e2-49a1-83df-c2fed0acbee3

Фото: Pixabay.com/iOscarHdz

Облыстық соттың мәліметінше, 1957 жылы дүниеге келген ер адам көрші тұратын әжейдің үйіне қонаққа барған. Содан екі зейнеткер шай ішіп болған соң қария тынығып алу үшін сағат 14:30 шамасында қонақ бөлмеге барған. Ол жерде әжейдің 2012, 2014 және 2017 жылы дүниеге келген немере қыздары ойнап отырған. Осы кезде ер адам арам пиғылын жүзеге асырмақ болады. Ол балаларға азғындық әрекеттер жасап, өзінің нәпсіқұмарлығын қандырған. Тарқатып айтқанда, өзінің жыныстық мүшесін ұстатып, кейін олардың әуретті жерлерін ұстап, сүйіскен.

Қыздардың анасы бұл азғындық туралы алғашында білмеген. Кейін 2014 жылы дүниеге келген қызы тамақ ішуден бас тартып, тілі ауыратынын айтып шағымданған. Анасы өзге екі қызынан болған жағдайды сұрағанда, олар оқиғаны растаған және өздері де құрбан болғандарын айтқан.

Сотталушының кінәсі сараптама қорытындыларымен, іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен, оқиға болған жерлерді қарау және беттестіру хаттамаларымен дәлелденді.

Зейнеткерге Қылмыстық кодекстің 124-бабы 4-бөлігімен айып тағылды. Ол өз кінәсін мойындады.

«Сот үкімімен сотталушыға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар сотталушы өмір бойына психологиялық және педагогикалық тәрбиелеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ» - делінген облыстық сот мәліметінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале