16.09.2024, 9:15
Оқылды: 37

Бір жылда кафе-ресторандағы баға 9,4% қымбаттаған

2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы айтарлықтай өскені байқалды. Жылдық мәнде баға 9,4% өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро. Бұл туралы Kazinform жазды.

DB92F1C6-4994-4FA6-90D7-B84321C2EB66
Фото: freepik.com

Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 10,3% қымбаттады, асханада түстену 9,6% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану орта есеппен 12,4% өскен.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе және 2303 мейрамхана тіркелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале