22.05.2024, 15:14
Оқылды: 39

«BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы шеңберінде шағын гранттар конкурсы ұзартылды

«Birgemiz» жалпыұлттық жобасы шеңберінде шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

8aaaaa7f-6348-4919-be23-753e44c17c90

Шағын гранттар конкурсы «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы жергілікті міндеттерді шешудегі волонтерлік бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік гранттарды волонтер атанған, кәмелетке толған қазақстандықтар мен бастамашыл топтар мен ҮЕҰ ала алады.

Конкурс шеңберінде келесі бағыттар бойынша 300 мың теңгеден 240 шағын грант ұсынылатын болады:

• «BIRGEMIZ: Bilim»;
• «BIRGEMIZ: Saýlyq»;
• «BIRGEMIZ: Sabaqtastyq»;
• «BIRGEMIZ: Taza Álem»;
• «BIRGEMIZ: Asyl mura»;
• «BIRGEMIZ: Qamqor»;
• «BIRGEMIZ: Úmit»,
•«BIRGEMIZ: Ayala».

Қажетті құжаттар тізімі, ұйымдастырушылармен байланыс және тағы басқа қажетті ақпарат азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында жарияланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале