18.05.2023, 15:45
Оқылды: 26

Бірлестік жұмысы ширай түсуде

КСРО кезінде кейбір азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын Германия мен Варшава шартына енген елдерде өтегені көпке мәлім. Осыған орай 2022 жылдың 15 наурызында елімізде «Германиядағы Кеңес және Варшава әскерлер тобы» атты республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. Осы уақыт аралығында біздің өңірімізде де біраз игі іс қолға алынды.

0c2823a8-9e58-49d0-a70d-4abec595867b

Ал енді жуырда аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Бақыт Тастанов бастаған бір топ азамат Орал қаласына келді. Бұл қатарда кезінде Германиядағы әскерлер тобы арасында бокстан екі мәрте жүлдегер атанған Жаппар Тілемісов те болды. Олар алғашқы күні облыстық филиал төрағасы Ұзақбай Жақсылықовпен және осы ұйымның мүшелерімен жүздесіп, алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. Ертесіне қонақтарды облыс әкімі Нариман Төреғалиев қабылдап, жастар тәрбиесі, ұлттық рух пен патриотизм және қазіргі күнгі әскерге дайындық төңірегінде келелі әңгіме қозғалды. Осындай жылы шырайлы жүздесу Орал қаласы әкімдігінде де өтті. Мұнда қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов ұйым жұмысына қатысты  ой  бөлісті.

Айта кетелік, құрметті меймандар өлке тарихымен жіті танысу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, сосын Сырым ауданының аумағындағы киелі де қасиетті орын – Дәдем ата (Жұмағазы қазірет) кесенесіне жол тартты. Бұл жерде әулие бабамыздың рухына дұға бағышталып, ас берілді. Одан соң қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен Деркөл кентінде боксшы Жаппар Тілемісов жүлдесі үшін жарыс өтті. Бұған 2010-11 жылы туған жасөспірімдер қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі сый-сияпаттармен марапатталды. Бұдан бөлек турнир иесі осындағы спорт кешеніне бокс қолғаптарын тарту етті.

Сапар соңында Астана мен Алматыдан келген топ облыстық және қалалық ардагерлер ұйымының өкілдерімен және белсенді тұрғындармен кездесіп, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыра түсуге байланысты пікір алмасты.

 

Сабырғали Оразов,

еңбек ардагері, бірлестік мүшесі,

Орал  қаласы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале