10.12.2021, 18:01
Оқылды: 182

Бірлік пен достық - жеңіс кепілі

Оралдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бейбітшілік пен келісім жолымен" фильмінің тұсаукесері болды. Фильмді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, белгілі журналист Мая Бекбаева түсірген.

30

Онда бейбітшілік пен келісім саясатының негізгі кезеңдері мен көпұлтты еліміздің тарихы қамтылған. Туындының тұсаукесерінен соң көрермендер бірегей теледидарлық жобаның тартымды да мазмұнды шыққандығын бірауыздан айтып, фильм туралы өздерінің пікірлерімен бөлісті.

28

Батыс Қазақстан облысы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов жиналған жұртшылықты фильмнің тұсаукесерімен құттықтап, біздің облыстық теледидарда да осы іспеттес туынды және бейнероликтер түсіруге әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баян етті.  Бұдан соң Достық үйінде облыстық этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аветик Амирханян мен Снежана Имашева құттықтау сөз сөйледі.

31

Олар өз сөзінде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің, халықтың жағдайы қиын болғандығын айқын деректер келтіре әңгімеледі.

– Осындай қиындықтарды Елбасының салиқалы саясатының арқасында жеңіп, бүгінде көпұлтты, тату-тәтті, ынтымағы жарасқан елге айналдық. Бірлік пен достық болған жерде жеңіс, ал бұлар болмаған жерде күйреу болады. Қазақстандағы ынтымақтастықтың нәтижесінде барлық ұлттар мен этностардың тұз-дәмі жарасып, ауызбірлігі күшейді. Мысалы, әлемге белгілі әнші Шарль Азнавурдың мен сықылды ол да армян. Бірақ ол өмір бойы Францияда тұрғандықтан, өзін французбын деген марқұм. Сол сияқты  ғұмырымды Қазақстанда өткізгендіктен мен де өзімді қазақпын деп мақтанышпен айтып, тегімді армян деймін. Бейбітшілік пен келісім саясаты жолында тоқтап қалмай, одан әрі де нық қадаммен алға басу керек-деді А.Амирханян сөйлеген сөзінде.

38

Жиында, сондай-ақ шешен-ингуш бірлестігінің төрағасы Даниялбек Саратов, «Орал казактары одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вячеслав Солодилов, «Хаймат» неміс мәдени-ағарту бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк және тағы басқалары сөз сөйледі.

39

Іс-шара барысында бір топ белсенділер қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан еңбектері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен марапатталды.

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале