6.11.2024, 11:01
Оқылды: 56

Біржан Имаханов: «Әлем чемпионатына жоспар – екі алтын алу»

6-11 қараша аралығында Астана қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

IMG_0903

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Қазір еліміздің Ұлттық құрамасы барлық жаттығу жиынын аяқтап, бәсекеге дайын. Осы орайда Ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имаханов чемпионатқа жоспар жайлы пікір білдірді.

«Қазақ самбосының әлемдік аренадағы орны ерекше. Жетекші елдердің бәрі бізбен санасады. Еліміздегі әлем чемпионатында Ұлттық құрамамыз 2 алтын медаль алып, жалпы есепте үздік үштікке енеді деп сенеміз. Спортшыларымыз осы мақсатқа жету үшін дайын. Жаттығу-жиынының бәрі ойдағыдай өтті»,-деді Біржан Имаханов деп айтты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жарыс елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді. Чемпионатты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Былтыр самбодан 48-әлем чемпионаты Армения астанасы Ереванда өткен. Ол кезде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 5 қоламен жалпы есепте 3-орынға тұрақтаған. Ал осыған дейін Астанада 2005 жылы 11-14 қарашада спорттық самбодан әлем чемпионы өткен. Қазақстан 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале