2.08.2023, 10:45
Оқылды: 77

Биыл 113 жаңа спорттық нысан салу жоспарланып отыр

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің telegram каналында хабарланды.

80734813-da1f-48db-a84b-ab1ac0fdfc7f

Көрнекі фото Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

- Бүгінгі таңда республика бойынша 43 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, оның 23 мыңнан астамы – ауылдық жерде орналасқан. Биыл 113 жаңа спорттық нысан салу, 20 спорттық нысанды реконструкциялау және жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру жөніндегі 6 жоба бойынша жұмыс жалғасады. Сондай-ақ, Министрлік қажеттілікті анықтау үшін облыстардағы спорт объектілеріне инвентаризация жүргізіп жатыр, - дейді Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале