Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: pixabay.com
«Жүйелік оператор бекіткен электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 2024 жылы 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Әр түрлі кезеңдерде 1 энергоблокта, 28 қазандықта, 22 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 4 энергоблокта, 21 қазандықта және 17 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.
Электр желілерінде 2024 жылы жалпы ұзындығы шамамен 20,8 мың км электр беру желілерін, 423 бірлік жоғары вольтты қосалқы стансаларды күрделі жөндеу жоспарланған. 13,4 мың км электр беру желілері мен 277 қосалқы станса, 2 292 тарату пунктінде жөндеу жұмысы аяқталды», - дейді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.