14.11.2022, 16:16
Оқылды: 45

Биыл 2 мыңнан астам адам жол апатынан мерт болды - ІІМ

Жыл басынан жол апатынан 2 мыңнан астам адам мерт болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13

«Жыл басынан бері жол апаттары 2 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Ал 15 мыңнан астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Қараша айында 300-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 60-қа жуық адам қаза тауып, 400-ге жуық адам жарақаттанды. Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған апаттар ерекше алаңдаушылық туғызады», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның дерегінше, осы айда Жамбыл облысында жолаушылар пойызы Audi 100 автокөлігін соқты.

«Кейін белгілі болғандай, көлік жүргізушісі қауіпсіздікке көз жеткізбей теміржол желісіне шығып кеткен. Соның салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты. Қостанай облысында Chevrolet жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жанындағы жыраға аударылды. Оқиға салдарынан үшеуі қайтыс болды, біреуі дене жарақатын алды. Қауіпсіздік үшін ІІМ барлығын жол ережелерін, әсіресе автомобильдер арасындағы қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ кенеттен тежеліс жасауға және кілт қозғалыстарға жол бермеуге шақырады», - деді ІІМ өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале