29.05.2025, 12:30
Оқылды: 126

Биыл 200-ден астам жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу жоспарланып отыр

Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, жолаушылар вагондары паркі 2,6 мың бірлікті құрайды.
4e1fc82a-1fd6-4cf4-8a2f-35ab7eb3843d
«2024 жылы 143 вагон сатып алынды. Соңғы 5 жылда тозу деңгейі 59%-дан 42%-ға дейін төмендеді. Биыл сатып алу көлемі 226 бірлікке дейін ұлғайтылады. Вагондар негізінен отандық ЗИКСТО және Stadler зауыттарынан сатып алынады. Stadler компаниясының алғашқы 51 вагоны осы жылдың желтоқсанында жеткізіледі. Бұл вагондар Астана – Алматы және Астана – Семей бағыттарында пайдалануға беріледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Жалпы, 2026–2030 жылдар аралығында 873 вагон сатып алынады, бұл бар вагондардың 90%-ын жаңартуға мүмкіндік береді. Барлық вагондар ауа баптау жүйесімен жабдықталады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале