19.07.2026, 9:30
Оқылды: 22

Биыл 3,2 миллионнан астам бала жазғы демалыспен қамтылды

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың екінші отырысы өтті.

photo_5395824004913895802_y

Фото: KZgovernment

Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Басқосудың басты мақсаты каникул кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау болды.

Отырыста оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда еліміз бойынша 10,8 мың ұйымда 3,2 миллионнан астам бала жазғы демалыспен қамтылған. Оның ішінде жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін 176 орталықта 116 мыңнан астам оқушы денсаулығын шыңдаса, тағы 3,1 миллионнан астам жеткіншек 10,7 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлер мен қосымша білім беру ұйымдарында уақытын тиімді өткізген.

Штаб мүшелері балалардың демалысын қызықты әрі қауіпсіз ұйымдастыру барлық жауапты ведомстволар мен аймақ басшылары үшін басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале