3.02.2020, 11:26
Оқылды: 22

Биыл Ақжайық ауданындағы Сарман, Битілеу, Ақбұлақ, Есім елді мекендеріне газ тартылады

Ақжайық ауданы тұрғындарының 92,7 пайызы табиғи газбен қамтылған. Сарман, Битілеу, Ақбұлақ, Есім елді мекендеріне газ тарту үшін биыл 105 млн. теңге қаржы бөлінген.  

Aqjaiyq2 (15)

-11 елді мекен табиғи көгілдір отынмен қамтылған жағдайда халықты газбен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетеді.

Ауданымызда газ пайдалану жүйесінде күрделі мәселелерде бар. Ауылдастарымыздың күні бүгінге дейін көтеріп келе жатқан мәселелердің бірі табиғи газдың сапасының төмендігі. Жыл сайын газ құбырының бойында конденсаттың қалыптасуы сияқты ақаулар пайда болуда.

Жылу беру маусымында газ желісіндегі конденсаттың қалыптасуы және газ реттеуіш шкафтардың тоқтап қалуынан апатты жағдай тіркелді, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале