4.07.2024, 10:32
Оқылды: 168

Биыл алғаш рет оқу ақысының жартысын мемлекет төлеп беретін грант пайда болды

2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынан хабарланды.

498E4AED-F465-47DF-9D52-E3E42D525C4E

Фото: pixabay.com

Сараланған гранттар дегеніміз —  оқу ақысының 50% төленетін гранттар.

Сараланған 300 грант екі бағыт бойынша бөлінген:

  • «Педагогикалық ғылымдар» — 150 грант;
  • «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» — 150 грант.

Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни, 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысу қажет.

Ешқандай қосымша құжат қажет емес.

Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале