Бәйтерек ауданы агроөнеркәсіпті кеңінен дамытып отырған ауданның бірі. БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров егіс алқаптары өнімін жинау барысы жөнінде айтты.
Әкімнің айтуынша, биыл аудан аумағында 81 мың тонна жаздық дәнді дақыл, 12 мың 668 тонна арпа, 1082 тонна нұт, 864 тонна сұлы, 1 792 тонна жүгері, 20 мың тонна картоп, 16 915 тонна көкөніс, 10 637 бақша өнімдері жиналған. Майлы дақылдардан 4 875 тонна мақсары (90%), 1 550 тонна (30%) күнбағыс дақылдары жиналып үлгерген. Қазіргі таңда аудан бойынша 55 507 га. күздік егіс дақылдары, оның ішінде 52 319 га. күздік бидай, 3 188 га. күздік қара бидай егілген. 2020 жылға арналған жоспардағы көрсеткіштен 20 пайызға артық.
Аудан әкімі Асхат Шахаровтың мәліметінше, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 16926,7 млн. теңге. Аудан тұрғындары 18 436 бас ірі қара, 66862 бас қой мен ешкі, 6 242 бас жылқы, 14 074 шошқа, 795 мың құс өсірген. Биыл аудан бойынша шабындықтың жалпы алаңы 2 миллион гектар. Оның ішінде 2359,2 га. еркекшөп, 9960,6 га. судан шөбі егілген. Қысқы мал азығына 120,494 мың тонна шөп жиналды. Шөп шабуда 305 агрегат іске қосылған.
Бәйтеректе 31 мыңнан астам тұрса, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,9 пайыз. Ауданда 2 403 шағын және орта бизнес субъектісі іске қосылған. Кәсіпкерлік салада 5 800 адам қызмет етеді. Биыл шағын және орта бизнес саласында 842 жұмыс орны ашылған.
«Бизнестің жол каратсы – 2020» бағдарламасымен бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асуда. Ауданда 60 елді мекеннің 30-ы сумен, 50 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Биыл Переметный ауылы ішіндегі 15,4 шақырым автожолдарды жөндеу басталған.
Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер