Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 16 млрд. теңге бөлініп, Орал және Ақсай қалаларында 17 көп қабатты үй, ауылдарда 117 үй салынуда. Бұл үйлердің жалпы көлемі 3 мың шаршы метр.
Жыл қорытындысында кезекте тұрған адамдарға 1080 пәтер беру жоспарланған.
-Биыл әлеуметтік жағынан аз қамтылған 394 отбасы пәтер кілтіне ие болды. Оның 243-і көп балалы отбасылар. Сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен биыл 386 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
zhaikpress.kz