Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрмановтың айтуынша, өңірде эпидемиологиялық аһуал тұрақты. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2017 жылдың 10 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Батыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулықты сақтау ұйымдары биылғы 10 айда 2076 тексеру өткізген. Нәтижесінде 1152 айыппұл (жалпы сомасы – 39 927 593 теңге) салынып, 952 айыппұл (жалпы сомасы 28 371 576 теңге) өндірілген. Жыл басынан бері 23 іс сотқа берілген. Алты іс бойынша өндіріс тоқтатылып, 17 іс бойынша тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-Өнім қауіпсіздігінің мониторингі мен сатып алу шеңберінде 2 178 өнім сатып алынды. Оның 1 727-і азық-түлік тауарлары. Санэпид сараптамасының қорытындысы бойынша 224 сәйкессіздік анықталды. Оның 63-і тамақ өнімдері, 161-і тамақ өнімдері емес тауарлар. Олардың 20-сы отандық тауарлар,-деді Ж.Құрманов.
Өңірлік коммуникациялар қызметі