18.01.2023, 12:45
Оқылды: 27

Биыл егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны қажет

Биыл егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230118-WA0005

«Биыл өңірлердің егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына қажеттілігі 413 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылы бөлінген көлемнен 13 мың тоннаға көп. Қазіргі уақытта облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесінің жобасын әзірлеу, сондай-ақ егіс жұмыстарына жоспарланатын дизель отынының көлемі мен бағасын келісу жүргізілуде. Көктемгі науқанды техникалық қамтамасыз ету бөлігінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 141,7 мың трактор, 4300 бірлік жоғары өнімді егіс кешені, 73,2 мың сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу машинасы бар», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.

Оның атап өтуінше, вегетациялық кезеңнің орнықты өтуін қамтамасыз ету үшін өткен жылдың қараша айынан бастап алдағы вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары басталды. Мәселен, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Вегетацияаралық және вегетациялық кезеңдердің 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекітті. 2023 жылдың бірінші тоқсанында трансшекаралық өзендердің бассейндері бойынша алдағы вегетациялық кезеңге арналған болжамды гидрологиялық деректерге сәйкес жылдың болжамды сулылығы туралы су пайдаланушыларды хабардар ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу көзделеді.

«Сондай-ақ көршілес елдермен мемлекетаралық пайдаланудағы су қоймаларында вегетациялық кезеңге арналған су көлемін жинақтау режимдерін келісу бойынша жұмыс жүргізілді және осы жылдың көктемінде вегетациялық кезеңге ағызу көлемін айқындау бойынша тиісті жұмыс жүргізілетін болады. Жалпы, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында әрі осы жұмыстарды уақтылы жүргізу және тұқым өндірісін ынталандыру үшін іс-шаралар қабылдануда», - деді Үкімет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале