5.08.2024, 17:00
Оқылды: 79

Биыл елімізде 94 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы грант саны 94 мыңнан астам, оның ішінде 78 мың грант – бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

CCA0C636-7798-43F1-BBB8-C51EAFE11C51

Сурет: pixabay.com

99 пайыз грант 4 жылда тұңғыш рет игерілсе, су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген.

Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 1 890 грант бөлінген. Одан бөлек, 5 000 нысаналы грант 100 пайыз, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген.

Айта кетер жайт, биыл 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 000 адамға артық көрсеткіш.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале