9.06.2022, 17:44
Оқылды: 113

Биыл қазақстандық 16 университет QS WUR рейтингіне енді

Биыл әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының тізімін Алматы технологиялық университеті мен Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«Биыл қазақстандық 16 ЖОО QS WUR рейтингіне енді, былтыр олардың саны 14 болатын. Ал оған дейін 8 университет болды. Жақында университеттеріміз тағы бір әлемдік Times higher education рейтингінде өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Бұл - екі беделді рейтинг. Осының барлығы қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейде таныла бастағанының дәлелі. Әлемдік рейтингтерде көтерілу – қазақстандық білім сапасының жақсарғанының және университеттердің жоғары мәртебесінің айқын көрсеткіші. Университеттерді трансформациялау, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың белсенді жұмысының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді», - деді министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова.

Отандық университеттер үшін ең басты критерийлердің бірі – академиялық мен жұмыс берушілер арасындағы бедел. Сондай-ақ университеттердің ғылыми ынтымақтастық пен жаһандық жетістіктері де атап өтілді.

QS WUR әлемнің үздік университеттерінің тізімі 2004 жылдан бері жарияланып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале