10.11.2023, 10:00
Оқылды: 51

Биыл қыс жылы болатыны рас па?

Синоптиктер қыста ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

орал

Қараша айында жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел бір ай ішінде болжанады. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері жаяу бұрқасын болуы мүмкін, ҚР аумағы бойынша көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.

Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында қыс мезгілінде аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Ең суық күндері суық ауа массалары енуіне байланысты ауа температатурасы төмендейді:

ҚР солтүстігінде түнгі уақытта -20-27°С, күндіз -8-13°С дейін;

елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С дейін.

Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ауа райы жылынады:

республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С дейін;

солтүстік жартысында +3+10°С дейін.

Осылайша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы норма шамасында және нормадан 1° жоғары, ҚР қиыр солтүстігінде - нормадан 1° төмен болады деп болжанып отыр.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп жауады деп болжанады.

2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы секілді болуы мүмкін. Яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болады. Суық кезең ішінде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтіліп отыр. Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады.

Қаңтар және ақпан айларында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында және нормадан көп болжанады, желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтіліп отыр.

Наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2° жоғары болады деп болжануда. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп болжанады.

Анықтама: маусымдық ауа райы болжамы жылына алты рет шығарылады: 1 болжам жылы жартыжылдыққа, 1 болжам суық жартыжылдыққа, олар Қазақстан Республикасының 17 облысы бойынша қыс, көктем, жаз және күз мезгілдеріне арналған 4 тоқсандық болжаммен нақтыланады.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале