14.04.2018, 15:55
Оқылды: 62

Биыл Орал шаһарында он мың тал-терек егілмек

Темирболат Токмамбетов5Жарияланған тазалық айлығы Зашаған кентіндегі "Арман" шағынауданынан бастау алды. Бүгін облыс пен қала әкімдігі аппараты, мекеме-кәсіпорындар қызметкерлері, студент жастардың  қатысуымен аталған шағынауданның аумағы тазартылып, 120 шырша егілуде.


Темирболат Токмамбетов4Терек егу жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, алғашқы шырша көшеттерін өз қолдарымен екті.
Сенбілікке белсене қатысқан жұртшылықпен бірге білек сыбана еңбек еткен облыс басшысы тұрғындарды отырғызылған көшеттерге қамқорлықпен қарауға шақырып, бұл да жас ұрпақ үшін, өсіп келе жатқан балалар үшін тəрбие болып табылатынын атап айтты.

Темирболат Токмамбетов1Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, жалпы айлық барысында қала бойынша әкімдік тарапынан 2000, кәсіпорындар мен тұрғындардың атсалысуымен 8000 терек отырғызылады деп күтілуде.

Темирболат Токмамбетов3Сондай-ақ мамыр айында өзендердегі су деңгейі төмендеген соң өзен жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілмек.

Одан кейін тазалық жұмыстары "Жұлдыз" шағынауданындағы 5-ші маршруттың соңғы аялдамасында және "Строитель" шағынауданындағы 34-ші үй аумағында жалғасын тапты.

Нұрбек Оразаев

Суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

IMG_20180414_104412_261

IMG-20180414-WA0047

IMG-20180414-WA0003

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале