31.12.2024, 16:15
Оқылды: 28

Биыл Оралда 56,1 шақырым жол жөнделді

Қаладағы автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 56,1 шақырым болатын 41 көшенің жолы жөнделді. Нәтижесінде Орал қаласында асфальт жабыны бар жолдардың көрсеткіші 81%-ға жетті. Бұл жөнінде Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

Орал жолы

Қалада магистралды және көлік ағыны жоғары көшелер орташа жөндеуден өтті. Мәселен Қызылжар, Лермонтов, Тәуелсіздік, Тюленин, Кердері, Исатай-Махамбет, Молдағалиев секілді ірі көшелер жөнделді. Сондай-ақ Еуразия және Жақсығұлов көшелерінің жолы қайта құрудан өтіп, қала тұрғындары тақтайдай тегіс жолмен қатынауға мүмкіндік алды.

Оралдың бірқатар шағын аудандарының жолдары салынған кезден бастап жөндеу көрмеген. Тұрғындар тарапынан шағын ауданның ішкі жолдарына қатысты шағым жиі түседі. Сондықтан биыл қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі 4 шағын ауданның жолдарына орташа жөндеу басталды. Атап айтқанда, Құрылысшы шағын ауданы – 14 шақырым, Солтүстік-Шығыс шағын ауданы – 9,5 шақырым, 6-шы және Жеңіс шағын аудандары – 9,4 шақырым, 4-ші шағын аудан – 5,7 шақырым жөнделеді. Жоба екі жылға есептелгендіктен, алдағы жылы барлық жоспарланған жұмыс аяқталу қажет.

Қаламыздың ең ірі Зачаган кентінде биыл ауқымды жол жөндеу жұмысы жүргізілді. 5 көшеге қайта құру, 13 көшеге ағымдағы жол жөндеу аясында асфальт төселді. Меловые горки елді мекенінің орталық көшесіне жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жол салынды. Деркөл кентінде биыл Маштаков көшесіне 5 шақырым, Қожанов көшесіне 950 метр, Бағланова көшесінен айналма жолға дейін 700 метр жол жөнделді. Сондай-ақ 5 көшеге ағымдағы жол жөндеу аясында асфальт төселді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале