20.02.2021, 21:59
Оқылды: 73

Биыл Оралға 1000-ға жуық қоқыс жәшігі қойылмақ

Онлайн түрде өткен облыс әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан қала тазалығына байланысты сауалдар да туындады.

 Орал 555

- Орал қаласының әкімдігі тазалық жұмыстарын күшейтуі тиіс. Биыл қала бойынша қоқыс көп шығарылатын жерлерде бейнекамералар орнатылады. Бұған дейін қала бойынша 600-ге жуық жәшік қойылды. Биыл да 1000-ға жуық қоқыс жәшігі қойылмақ.

Бұл орайда біздің көмегіміздің арқасында тазалық жұмыстарымен шұғылданушы компаниялардың жұмысы жеңілдемек. Олар тиісті техниканы алып, уақытында жәшіктерді қоқыстан босатып тұруы ғана керек. Кейбір мәселелердің туындауы жерлестеріміздің жауапкершілігіне де байланысты. Үй иелері тұрғын үйлерден шыққан тұрмыстық қоқыстар, ескірген үй жиһаздары сияқты қоқыстарды тиісті мекемелерге қоңырау шалып, ақысын төлеп, шығартулары тиіс. Жекелеген тұрғындар ережені сақтамай, тариф бойынша ақы төлемей, үйлерінен шығарған қоқыстарын жәшіктердің қасына тастай салғанды оңай көреді. Жауапкершілікті мойындарына алмайды. Сол себепті бейнекамераларды орнатуымыз керек. Полиция бөлімімен бірлесе отырып, тиісті шара қолданылатын болады, - дейді өңір басшысы Ғ.Есқалиев.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале