19.10.2021, 12:20
Оқылды: 56

Биылғы жылы 1 млрд. 288 млн. теңге инвестиция тартылған

Сырым ауданында соңғы 10 жылдың өзінде кәсіпкерлік субъектілері саны 60 пайызға артып, бүгінде 1340-қа жетіп отыр. Шағын және орта бизнес орындарында 2650 адам жұмыс жасауда, бұл аудандағы экономикалық белсенді тұрғындардың 23,7 пайызын құрайды.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 12.16.41

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев мәлімдеді.

-Өздеріңіз білетіндей, Сырым ауданының республикалық маңыздағы жол бойында орналасуы жол бойы қызмет көрсету орындарының ашылуына және сервистік қызметті дамытуға оң әсерін тигізді. Оған дәлел осы жылдар ішінде Самара-Шымкент тас жолы бойынан 30-ға жуық кәсіпкерлік нысандар ашылып, олардың ішінде үш мейрамхана, автокешен, супермаркет, қонақүй, жеті жанар-жағармай құю бекеттері, төрт көлік жөндеу орны, екі көлік жуу орны, үш азық-түлік дүкендері мен сегіз асхана, кафелер қызмет көрсетуде. Аталмыш қызмет көрсету орындарында 170-тен астам тұрғын тұрақты жұмыс жасап келеді. Биылғы жылы қосымша  мейрамхана мен супермаркет іске қосылады деп күтілуде,- деді Т.Төреғалиев.

Аудан әкімінің айтуынша, аталған өңір экономикасын көтеруге әсер ететін факторлардың бірі ол жеке инвестиция, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 8 айына 1 млрд. 288 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға артқан. Биылғы жылы іске қосылған тоғыз жеке кәсіпкерлік нысандары тұрғындар игілігіне қызмет етуде. Қызмет көрсету орындарына 21 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты.

-Сырым ауданы кәсіптің қай түріне болса да қолайлы аудан деп айта аламыз. Осы орайда аудан аумағынан өз кәсіптерін ашқысы келетін азаматтарды әрқашан қолдауға дайынбыз. Ауданда қазіргі уақытта  Шолақаңқаты ауылдық округі аумағынан «KazMeatIndustry» ЖШС-мен 40 000 басқа арналған, яғни романов тұқымды қой етін өндіріп, экспорттауға бағытталған жобасы қолға алынуда. Жалпы құны 8 млрд. теңге болатын жоба аясында жерді суландыру кешені, ғимараттар мен қой өсіру кешенінің құрылысы жоспарлануда,- деді аудан әкімі.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале