2.07.2021, 10:12
Оқылды: 279

«Бізді ұмытпа?!» дей ме екен, сол ағалар...

Сексеннен асқан жасым бар. Осы белеске жеткенше көп адаммен кездесіппіз, ойнап-күліп, қатар жүріппіз. Талайы менің маңдайымнан сипап, ағалық ақылын аямапты. Енді біреулері әкенің аялы алақанын көрмеген менің жасып қалмай, ат жалын тартып азамат болуыма өлшеусіз үлес қосыпты. Өмір жолымда кездескен сол бір ғазиз жандар соңғы кезде жиі есіме оралады. «Бізді ұмытпа!» дей ме екен, әйтеуір, дариға дидарлары көз алдымда мұнартып тұрады. Содан ойланып отырып, бір шешімге табан тіредім. Сол ағаларыма естеліктен ескерткіш салғым келді. Ортамызда өздері жоқ болса да, ұрпақтары бар ғой, көре қалған кейбір замандастары бар шығар. Солар оқыр... Сөйтіп, қолыма қалам алдым. Еске алу әңгімемнің әлқиссасын Қуаналиев Қабдолла ағамнан бастайын. Өйткені ол кісі мен үшін өте қадірлі жан болып еді. Өмірімнен алатын орны ерекше!

00

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №53 санындағы Ақжайық ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Нәсіпқали Қайырқомовтың «Бізді ұмытпа?!» дей ме екен, сол ағалар...» атты мақаласынан оқуға болады.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале