4.05.2021, 8:56
Оқылды: 45

Біздің құрметті ардагерлеріміз, ұрысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері! Құрметті батысқазақстандықтар!

Біз осы қасиетті мерекені – аға ұрпақ тарту еткен Ұлы Жеңіс күнін салтанатты түрде атап өтуге, яғни мәңгілік алау алдында бас иіп, қаза тапқан батырларға тағзым ету, «Өлмес полкте» бірге шеруге шығу, біздің қадірлі ардагерлерді құшақтауға дайын едік. Алайда өмір өз түзетулерін жасады.

A6BAD935-CC77-4561-B18D-EFABB6007500

Эпидемия жоспарларымызды бұзғанымен, түбегейлі бас тартқанымыз жоқ. Індет жұқтыру қаупі сейілген соң, біраз уақыт өткеннен кейін барлығымыз үшін маңызды мерекені міндетті түрде лайықты деңгейде  атап өтеміз.

Сақтық шараларына сәйкес үйде отырамыз. Бірақ Жеңіс күні – әрқайсымыздың жүрегімізде! Балаларымыз бен немерелерімізге фашизм зұлматы мен жабайылығы кесірінен біздің елдің орасан шығынға ұшырағаны, фашист басқыншыларының жерімізге опасыздықпен басып кіргені, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, жүздеген ауыл мен қаламызды жер бетінен жойып жібергені туралы әңгімелеп отыруды есте сақтау керек.

Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ержүрек болғанын, олардың соғысқа өз еркімен барғанын, басын қатерге тігіп өжет қалыпта шабуылға шыққанын ұмытуға хақымыз жоқ.

Біз, жеңімпаздар мұрагерлері, сол сұрапыл қанды соғыс туралы, ержүрек ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігі туралы шындықты жеткізушілерміз. Біз әділеттілік жолын таңдап, өтірікті әшкерелеп, тарихи деректерді бұрмалауға қарсы күресуге міндеттіміз. Бұл – біздің Ұлы Жеңісіміз және біз оны ешкімге бермейміз!

Сізге тағзым, құрметті ардагерлер! Біздің  толқулы жүрегімізде әрдайым есте сақтауға деген құлшыныс пен жауынгерлік әрі еңбек жолындағы ерлігіңізге деген шексіз ризалық сезімі сақталатынын білгендеріңіз жөн. Біздің арамызда жоқ Отан қорғаушылардың мәртебесі асқақ, даңқы мәңгілік.

Мереке құтты болсын, қымбатты достар!

 «Жайық Сельстрой» СКФ  ұжымы  атынан кәсіпорын директоры  Ерденбек Алдиярұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале