8.02.2023, 17:01
Оқылды: 112

Бизнесмен Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда

Бүгін Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы алқа билердің қатысуымен жүргізілді. Сот залына кәсіпкерді өлтірді деп айыпталып тұрған Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді жеткізілді. Залда екі тараптың да ата-анасы мен бауырлары қатысып отырды.

1675853695809
Сотта сөз алған прокурор Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді бұл қылмысқа алдын ала келісу арқылы барған. Олар екеуі ақылдасып, арнайы пышақ алып, «Рахат лукум» кафесіне келіп, кәсіпкер Мұханғалиевпен екі жігіт арасында жанжал шыққан деп мәлімдеді.

Сот залында сөз алған Руслан Қожантаев: «Мен кінәмді мойындаймын. Бірақ өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Біз алдын ала келісім жасаған жоқпыз», - деп мәлімдеді.

Оның жанындағы Тұрлан Амангелді де дәл осы сөзді қайталады. Сот отырысында бірнеше куәгер шақырылып, сұрақтар қойылды.

Айта кетейік, бүгін Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы алғаш рет алқа билердің қатысуымен өтті.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале