12.05.2022, 18:00
Оқылды: 177

БҚАТУ-да кітап аукционы өтті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы мен «Жас қалам» әдеби клубы студенттерінің ұйымдастыруымен кітап аукционы өтті.

D7C507DA-F0A1-4FE5-A85C-C526D4C45C4E

Жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген шарада әдеби клуб мүшелері жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды. «Инеш» романы, «Көзсіз ерлік», «Өкініш», «Пако Камино – матадор» «Мырзалық», «Есіркеп қарттың әңгімесі», «Ит ашуы» сынды шығармаларды баяндаған студенттер көпшілік көңілінен шықты.

Жиын соңында әдеби клуб мүшелері Ырыс Қайырбекова, Мекен Қарғабаев, Асан Қонасов, Нұрсұлтан Төлеубаев және Ержан Забихолла «Парасат» орталығының атынан бағалы кітаптармен марапатталды.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале