6.01.2025, 11:30
Оқылды: 44

БҚАТУ-да спартакиада басталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі «Денсаулық-2025» қысқы спартакиадасы басталды.

IMG_9955

Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысатын спорттық іс-шара бұқаралық спортты дамытуға, қатысшылардың спорттық шеберлігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Университеттегі «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастыратын спартакиада барысында командалар волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, садақ ату, дойбы, шахмат, асық ату, бес асық, қол күресі, шаңғы, арқан тартыс, ләңгі, кибер спорт, көңілді эстафета ойындарынан өзара бақтарын сынасады. 18 қаңтарға дейін жалғасатын қысқы спартакиадаға алты команда қатысуда.

Бүгін жанкүйерлер командалар арасындағы волейболдан өткен тартысты ойынды тамашалады. Бұл іс-шара әріптестердің өзара ынтымақтастығын нығайтып, ауызбіршіліктерін арттырады. Сонымен қатар спорттық ойындарға деген құлшыныстарын күшейтеді. Жалпы Жәңгір хан университетінде спорттың бірнеше түрімен айналысуға, спорттық жаттығулар жасауға мүмкіндік молынан екенін айта кеткен жөн.

Жарыс нәтижесінде жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар арнайы марапатталады.

Фото және ақпарат БҚАТУ медиа орталығынан

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале