12.11.2022, 12:28
Оқылды: 30

БҚАТУ-да ұлттық жоба жалғасуда

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған республикалық «Жеті қазына» ұлттық жобасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. 

DSC04493

Бүгін «Сұңқар» спорт клубы қазақ күресі мен тоғызқұмалақ ойынынан университетішілік жарыс ұйымдастырды. Қазақ күресінен өткен жарысқа 40 жас балуан қатысып, 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келі салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті. Ал қазақтың ұлттық зияткерлік ойындарының бірі – тоғызқұмалақтан өткен жарыста 15 білім алушы өзара сайысқа түсті.

DSC04516

Еске сала кетсек, бұған дейін университет қабырғасында аталмыш ұлттық жоба спорттың қол күресі түрінен өткен жарыспен басталған еді. Алдағы уақытта да түрлі іс-шаралармен жалғасатын ұлттық жоба келер жылдың наурыз айында қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале