18.10.2022, 16:16
Оқылды: 316

БҚАТУ спортшысы төрт дүркін әлем чемпионы атанды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Ержан Ерболат кезекті жеңісіне қол жеткізіп, еліміздің көк байрағын асқақтатты.

2

Түркияның Анталия қаласында өткен жастар арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында университеттің «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының «Ақпараттық технологиялар» мамандығының 4-курс студенті Ержан Ерболат алтын жүлдеге ие болды.

8

Білекті спортшымызды құттықтаймыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале