Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Ақниет Рашидова «Жыл үздігі – 2021» Батыс Қазақстан облысы жастар сыйлығының «Үздік волонтер» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.
Ақниет Мирболатқызы – «Орал жастары» волонтерлік ұйымының көшбасшысы. Студент жастар арасындағы түрлі спорттық және мәдени шаралардың ұйымдастырушысы. COVID-19 пандемиясы кезінде волонтерлардың басын біріктіріп, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үйлестіріп, ардагерлерге мекенжайлық көмек көрсетті. Сонымен қатар, ерікті жастармен бірге 50 сенбілік ұйымдастырып, 2000-ға жуық түп ағашын отырғызып, қаламызды көркейтуге атсалысқан.
Атап өтсек, Ақниет Рашидова – Жәңгір хан университетінің Агротехнологиялық институтының 4 курс студенті.
БҚАТУ медиа орталығы