8.12.2021, 18:18
Оқылды: 125

БҚАТУ студенті – жыл үздігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университетінің студенті Ақниет Рашидова «Жыл үздігі – 2021» Батыс Қазақстан облысы жастар сыйлығының «Үздік волонтер» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.

60

Ақниет Мирболатқызы – «Орал жастары» волонтерлік ұйымының көшбасшысы. Студент жастар арасындағы түрлі спорттық және мәдени шаралардың ұйымдастырушысы. COVID-19 пандемиясы кезінде волонтерлардың басын біріктіріп, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үйлестіріп, ардагерлерге мекенжайлық көмек көрсетті. Сонымен қатар, ерікті жастармен бірге 50 сенбілік ұйымдастырып, 2000-ға жуық түп ағашын отырғызып,  қаламызды көркейтуге атсалысқан.

Атап өтсек, Ақниет Рашидова – Жәңгір хан университетінің Агротехнологиялық институтының 4 курс студенті.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале