14.03.2024, 11:30
Оқылды: 11

БҚАТУ ұжымы «Амал мерекесін» ұлықтады

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 14 наурыз – Көрісу күніне орай «Амал келді, жыл келді!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

IMG_3753
Ертемен бас ғимараттың фойесінде оқытушылар мен қызметкерлерді және білім алушыларды ұлттық киімдегі жастар қарсылап, үлкендерге көрісіп, батасын алды. Ұжым қызметкерлері бір-бірін ежелден келе жатқан «Көрісу айт» мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік көңіл күйді еселеген «Нарын сазы», «Ерке-Нұр», «Тұмарым» шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
– Биыл Наурыз мерекесі жаңаша сипатта басталды. Батыс өңірінде ғана атап өтілетін «Көрісу күні» ел көлемінде насихатталып жатқаны қуантады. 23 наурызға дейінгі онкүндіктің әр күні маңызды шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін боламыз. Мұның өзі – үлкен жетістік. Өзіміз ұстаз болғандықтан, жастардың бойына патриоттық сезім ұялатуға тырысамыз. Барша әріптестерімді бүгінгі мерекемен, келе жатқан Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! – деді экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының директоры Жанар Ержанова.
Сонымен бірге оқытушылар мен қызметкерлер ұлттық тағамдардан дәм татып, ұлттық жәдігерлермен жасақталған бұрышты тамашалады. Бұдан әрі мерекелік іс-шара университеттің институттарында жалғасты.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале