1.09.2022, 16:30
Оқылды: 114

БҚАТУ ұжымы болашаққа нық сеніммен қарайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын жұртшылықпен бірге тыңдаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы жаңа Қазақстанның болашағы жарқын боларына сенімді.

6

Университет басшылығы және профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, білім алушылар Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауын ұжым болып тыңдады. Маңызды салалар түгелдей дерлік қамтылған саяси құжатты талқылаған ұжым Жолдауды қолдайтындарын жеткізді. Әсіресе, білім саласына, жастарға қатысты айтылған мәселелер жоғары оқу орны ұстаздарының көңілінен шықты. Университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов биылғы Жолдаудың дәл уақытында жарияланғанына сенімді.

– Бүгін – Білім күні. Біздің басты мақсатымыз – сапалы білім беру, сапалы кадрлар даярлау. Осы ретте жастардың жоғары білім алуына жағдай жасау, білікті маман болуына ықпал ету, жұмыспен қамту бағытында жұмыстанып келеміз. Мемлекет басшысының Жолдауында да  бұл мәселелер назардан тыс қалмады. Бұған дейін де біздің алдымызға нақты мақсат-міндеттер қойылған еді. Нәтижесінде біз жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспарымызды жүйелеп, шаруашылықтармен, кәсіпкерлермен, бизнес нысандарымен біріге отырып, жоғары білімді кәсіби мамандар даярлауды іске асыратын боламыз, – деді Асқар Мырзахметұлы.

Жәңгір хан университетінің студенттері Жолдаудың жастарға қатысты тұстарын қуана қабылдады. – Президент Жолдауын университет қабырғасында ұстаздарымызбен бірге тыңдадық. Мемлекет басшысы маңызды салаларды назардан тыс қалдырмай, елдегі барлық жағдайға тоқталып өтті. Соның ішінде Президентіміздің жастар мәселелесіне де басымдық беріп, мемлекеттің оларды әр кез қолдайтынын айтқаны қуантты. Білім беру гранттарын бөлу, жұмыспен қамту бағытындағы іс-шаралар жастарға серпіліс бергені анық. Жалпы бұл маңызды құжатта көрсетілген барлық мақсат-міндеттер еліміздің болашағына, даму жолына оң әсерін тигізеді деген ойдамын, – дейді 4-курс студенті Омархан Нияз.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале